Қазақстанның шахматшы қыздары Әзербайжан құрамасын жеңді

Қазақстан құрамалары шахмат Олимпиадасында алтыншы турды сәтті өткізді

Спортты дамыту дирекциясы
Спортты дамыту дирекциясы

Самарқандта шахматтан 46-шы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасының алтыншы тур ойындары өтті. 

Әйелдер арасында Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері әрі Олимпиадада қатарынан бес жеңіске жеткен Әзербайжан құрамасымен кездесті.

Жарыстың алтыншы турындағы ойындарды тамашалау үшін Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ералы Тоғжанов арнайы келіп, Бибісара Асаубаеваның тақтасында алғашқы жүрісті жасады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Әзербайжанды 2,5:1,5 есебімен жеңді. Командаға шешуші ұпайды Алуа Нұрман әкелді.

Әйелдер. 189 команда

Қазақстан – Әзербайжан – 2,5:1,5

Бибісара Асаубаева – Говхар Бейдуллаева – тең ойын
Алуа Нұрман – Гюнай Мамедзаде – жеңіс
Меруерт Камалиденова – Ханым Баладжаева – тең ойын
Зарина Нұрғалиева – Гюльнар Мамедова – тең ойын

Ерлер арасында Қазақстан құрамасы Колумбияны ірі есеппен жеңіп, Олимпиададағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін команда бір рет жеңіліп, бір кездесуді тең аяқтаған.

Қазақстандық шахматшылар Колумбия құрамасын 3,5:0,5 есебімен ұтты.

Ерлер. 205 команда

Қазақстан – Колумбия – 3,5:0,5

Денис Махнёв – Сантьяго Лопез Райо – жеңіс
Сауат Нұрғалиев – Эстебан Вальдеррама – жеңіс
Даниал Сапенов – Мануэль Кампос Гомес – жеңіс
Жандос Ағманов – Кристиан Камило Риос Гомес – тең ойын

Осылайша Қазақстанның әйелдер және ерлер құрамалары алтыншы турды жеңіспен аяқтады.

Енді командалар бір күн демалады. 11 турдан тұратын шахмат Олимпиадасы 27 қыркүйекте мәресіне жетеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам