Қазақстан қоржынына жеңіл атлетикадан тағы бір медаль түсті

Аделина Земс Азия ойындарында күміс жүлде алды

Спортты дамыту дирекциясы
Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Аделина Земс Жапонияның Аичи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Қазақстандық жеңіл атлет әйелдер арасында 400 метрге кедергілер арқылы жүгірудің финалында өнер көрсетіп, мәреге екінші болып жетті.

Алтын жүлдені Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі иеленді. Осылайша, Аделина Земс Қазақстан құрамасының қоржынына жеңіл атлетикадан кезекті жүлдені салды.

Айта кетейік, бұған дейін де қазақстандық жеңіл атлеттер қазіргі Азия ойындарында жүлделі нәтижелерге қол жеткізген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам