Дзюдодан үш отандасымыз Азиаданың жартылай финалына шықты

Алмат Әділет 1/4 финалда Моңғолия спортшысы Шинбайар Ойинчимегтен басым түсті

Нұрғали Жұмағазы
Нұрғали Жұмағазы

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында дзюдодан жарыс жалғасып жатыр.

Әйелдер арасында 63 келідегі Есмигул Куюлова ширек финалда Оңтүстік Корея дзюдошысы Жису Кимды иппонға түсірді.

81 келіде Азия чемпионы саналатын Алмат Әділет 1/4 финалда Моңғолия спортшысы Шинбайар Ойинчимегтен вазари әдісімен басым түсті.

70 келідегі Ажар Асхат ширек финалда Ю-жанг Лиаодан (Тайпей) 11 минутқа жалғасқан белдесуде ескерту санымен жеңіске жетті.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам