Дзюдодан Алмат Әділет пен Ажар Асхат Азиаданың алтын жүлдесі үшін белдеседі

Финалдық кезең Астана уақытымен 13:00-де басталады

Нұрғали Жұмағазы
Нұрғали Жұмағазы

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында дзюдодан жарыс жалғасып жатыр.

81 келіде Азия чемпионы саналатын Алмат Әділет 1/2 финалда Тәжікстан спортшысы Абубәкір Шеровты вазари әдісімен жеңді.

70 келідегі Ажар Асхат жартылай финалда Анужин Уран-Улзиден (Моңғолия) 11:0 (вазари және юко әдісі) есебімен басым болды.

Әйелдер арасындағы жартылай финалда 63 келідегі Есмигул Куюлова жартылай финалда жарыс қожайыны Наруми Таниокаға ескерту саны бойынша есе жіберді.

57 келідегі Дана Әбдірова жүбаныш белдесуінде Юинг Таоны (Қытай) юко әдісімен ұтты.

Финалдық кезең Астана уақытымен 13:00-де басталады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам