Әзірге ұлттық құрама балуандарының еншісінде жалғыз жүлде бар
Бакуде дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші жарыс күнінде татамиге шыққан Қазақстан балуаны алғашқы айналымда жеңіліп қалды.
73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Аңсарбек Ғайнуллин Франция дзюдошысы Дайян Булемтафеске жол берді. Белдесу барысында Қазақстан балуаны әдіс жасауға талпынғанымен, оның әрекеті еш нәтиже бермеді. Ескертулер санының көп болуынан ол жеңіліп, чемпионатты ерте аяқтауға мәжбүр болды.
Бүгін Қазақстан құрамасынан жалғыз балуан күресті. Ертең 81 келіде Абылайхан Жұбаназар мен Жалғас Қайролла және Есмигүл Куюлова (63 кг) сынға түседі. Айта кететін жайт, Куюлова бір апта бұрын Азия ойындарында өнер көрсетіп, қола жүлдегер атанған болатын.
Әзірге ұлттық құрама балуандарының еншісінде жалғыз жүлде бар. Ол 60 келіде белдескен Шерзод Давлатовқа тиесілі. Отандасымыз 4 қазан күні финалға дейін жетіп, шешуші сында әзербайжандық Ахмад Юсуповтан жеңілген еді.
Сондай-ақ, Аман Бақытжан (60 кг), Абиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева (екеуі де 48 кг), Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов (екеуі де 66 кг) іріктеу бәсекелерінде сүрініп, жүлдеге қол жеткізге алмады.