Хифуми мен Ута Абэ әлем чемпионы атанды

Ута Абэ осымен алтыншы рет әлем чемпионы атанып отыр

1bol.kz
1bol.kz

Бакуде дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында ағайынды Хифуми және Ута Абэ кезекті рет әлем чемпионы атанды.

66 келіге дейінгі салмақта белдескен Хифуми Абэ финалда Испания өкілі Гарсия Торнемен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша жапон дзюдошысы мансабындағы бесінші әлем чемпиондығын жеңіп алды.

Ал 52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ута Абэ финалда испаниялық Торо Солермен белдесіп, қарсыласын үш ескерту нәтижесінде жеңді. Бұл – Ута Абэнің әлем чемпионатындағы алтыншы чемпиондығы.

Хифуми Абэ Бакудегі жарыста Франция, Сербия және Италия спортшыларынан басым түсті. Жартылай финалда 2025 жылғы әлем чемпионы, отандасы Такеока Такешиді жеңіп, финалға жолдама алды.

Ута Абэ де турнирді сәтті өткізді. Ол алғашқы кезеңдерде Бразилия және Чехия спортшыларын жеңді. Ширек финалда Германия өкілі Маша Балльхауспен кездесіп, бір вазари бағасын еншіледі. Жекпе-жек барысында қарсыласына пассивті күресі үшін ескерту беріліп, Ута жартылай финалға өтті. Финалға шығар жолда испаниялық Аюми Лейва Санчеспен кездесіп, айқын жеңіске жетті.

Айта кетейік, Жапония құрамасы Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші рет жалпы есепте көш бастады. Бұған дейін жапон дзюдошылары 2018 жылы Әзербайжан астанасында өткен әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен болатын.

Бүгін күреске Қазақстан балуандары Нұрқанат Серікбаев пен Ақылжан Жұбатқанов іріктеу бәсекесінде сүрініп, жүлдеге қол жеткізе алмады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам