Бүгін 81 келіде Абылайхан Жұбаназар да белдесуге шығады
Бакуде өтіп жатқа әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде татамиге шыққан Қазақстан дзюдошысы Жалғас Қайролла (81 кг) алғашқы айналымда түрік балуанын Эрман Гюргенді соңғы минутта таза жеңді.
Белдесу басталған сәтте отандасымыз шабуылға шығып, юко ұпайын еншілеген еді. Алайда түрік балуаны бірден әдіс жасап, вазариге қол жеткізді. Тартысты кездесуде Жалғас нәтижелі шабуылдың арқасында келесі кезеңге өтті. Ол 1/16 финалда Бахрейн өкілі Аскерби Гербековпен күреседі.
Өкінішке қарай, әйелдер арасында күрескен Есмигүл Куюлова (63 кг) іріктеу бәсекесінде Словения өкіліне қосымша уақытта жол беріп, жарысты аяқтады. Ол бір апта бұрын Азия ойындарында қола жүлде иеленген болатын.
Сондай-ақ, бүгін 81 келіде Абылайхан Жұбаназар белдесуге шығады. Ол аустралиялық Кэйсин Очимен шеберлік байқасады.