Отандасымыз жартылай финалда Әзербайжан өкілі Зелим Цкаевпен белдесті
Әзербайжан астанасында дзюдодан ересектер арасындағы әлем чемпионатының 4-жарыс күнінің жартылай финал белдесулері өтіп жатыр.
Отандасымыз Абылайхан Жұбаназар (-81 кг) бұл кезеңде тағы бір Әзербайжан өкілі Зелим Цкаевпен белдесті. Кездесу нәтижесінде жергілікті палуан басым түсіп, ақтық сынға шықты.
Ал Абылайхан бүгін кешке қола медаль жолында кезекті Әзербайжан өкілі Омар Раджаблимен күш сынасады. Финалдар Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.