Жекпе-жек кезінде 75 жастағы төреші рингте қаза тапты

Спортшы Хосе Анхель төрешіні рингке лақтырып жіберген

1news.az
1news.az

Мексикада рестлинг жарысы кезінде қайғылы жағдай болып, 75 жастағы төреші Херардо Пиньеда көз жұмды. 

Оқиға жекпе-жек өтіп жатқан сәтте болған. Спортшы Хосе Анхель төрешіні рингке лақтырып жіберген. Соққыдан кейін Пиньеда орнынан тұра алмаған.

Алғашында көрермендер болған жағдайды шоудың бір бөлігі деп қабылдаған. Алайда көп ұзамай рингке дәрігерлер шығып, төрешінің қайтыс болғанын анықтаған. Бұл туралы мексикалық Azteca Noticias порталы жазды.

Оқиғадан кейін рестлер Хосе Анхель ұсталған. Оған абайсызда адам өліміне себеп болды деген айып тағылып отыр.

Қазір спортшының құқықтық мәртебесі анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл мәселе бойынша шешім алдағы 24 сағат ішінде қабылданады.

Оқиғаның мән-жайы бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам