Жарыста ресейлік Александра Игнатова 226,01 ұпаймен жеңіске жетті
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында қола медаль иеленді. «Челленджер» сериясындағы халықаралық турнирде отандасымыз әйелдер арасындағы жекелей сында үздік үштікке енді.
Еркін бағдарламада Самоделкина жаңа «Rivals» композициясымен өнер көрсетті. Қазақстандық спортшы төрешілерден 134,91 ұпай алып, еркін бағдарлама қорытындысында екінші орынға тұрақтады.
Екі бағдарламаның жалпы нәтижесі бойынша отандасымыз 204,36 ұпай жинап, турнирдің қола жүлдегері атанды.
Жарыста бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен ресейлік Александра Игнатова 226,01 ұпаймен жеңіске жетті. Ал Оңтүстік Корея өкілі Ким Юджэ 209,20 ұпай жинап, күміс медаль иеленді.
Қазақстанның өзге спортшылары үздік ондыққа кіре алмады. Нұрия Сүлеймен 14-орын алса, Алика Халимова 15-орынға тұрақтады. Амира Ирматова 16-орын, Зере Сарбалина 18-орын, Амина Алексеева 19-орын иеленді.