Түркиялық 20 жастағы волейболшы сұлулығымен көпшілікті баурап алды

Мерьем Джаббароглу «Бодрум Беледиеси Бодрумспор» клубында ойнайды

instagram.com/meryemcabbaroglu
instagram.com/meryemcabbaroglu

Түркиялық волейболшы Мерьем Джаббароглу әлеуметтік желіде танымал бола бастады. 20 жастағы спортшының суреттері көпшіліктің назарын аударып, жанкүйерлер арасында қызу талқыланып жатыр.

Соңғы уақытта волейболшының Instagram парақшасындағы жазбалары кеңінен таралып, оқырмандарының саны арта түскен. Оның суреттерінің астында жылы лебіз білдіріп, тіпті үйленуге ұсыныс жасап жатқан қолданушылар да бар.

Алайда жас спортшының жетістігі тек әлеуметтік желідегі танымалдықпен шектелмейді. Мерьем Джаббароглу кәсіби волейболда да тәжірибе жинап, мансабын дамытып келеді.

Қазір ол Түркияның әйелдер арасындағы бірінші лигасында өнер көрсететін «Бодрум Беледиеси Бодрумспор» клубында ойнайды. Волейболшы либеро позициясында өнер көрсетеді, бойы – 163 сантиметр.

Джаббароглу бұған дейін «ТВФ Спор Лисеси», «МКЕ Анкарагюджю» және «Алпет Зерен Спор» клубтарының намысын қорғаған. Сондай-ақ «Зерен Спор Кулюбю» командасының 18 жасқа дейінгі құрамында ойнаған.

Оның халықаралық деңгейде де тәжірибесі бар. 2021 жылы Мерьем Джаббароглу Түркияның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасына шақырылып, ел намысын қорғаған.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам