Қазақстандық таеквондошы Парижде қола медаль жеңіп алды

Мария Севостьянова Париждегі Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды

Спортты дамыту дирекциясы
Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық таеквондошы Мария Севостьянова Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Гран-при сериясы турнирінде қола медаль жеңіп алды. 

Отандасымыз әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Ол алғашқы жекпе-жегінде Тайбэй өкілі Вей Чун Линді 2:0 есебімен жеңді. Кейін мажарстандық Лука Патакфалвиден де екі кезеңде басым түсті.

Жартылай финалға жолдама беретін кездесуде Севостьянова өзбекстандық Мадина Марабзалованы 2:0 есебімен ұтты. Алайда финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте Бразилия өкілі, былтырғы әлем чемпионы Мария Клара Пачекоға есе жіберді. Кездесу 0:2 есебімен аяқталды.

Осылайша, Мария Севостьянова Париждегі Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, осы маусымдағы Гран-при сериясының финалы қараша айында Астанада өтеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам