Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Елдос Сметов Тбилисидегі Grand Slam турниріне қатыспайтын болды

05.03.2024, 14:14

Жыл басынан бері ерлер құрамасы ірі бес жарысқа қатысып, небәрі бір қола медаль иеленген

Елдос Сметов Тбилисидегі Grand Slam турниріне қатыспайтын болды
olympic.kz

22-24 наурыз күндері Грузия астанасы Тбилисиде дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі өтеді. Аталған турнирге Ташкенттегі бәсекеде жарыстан шеттетілген Елдос Сметов қатыспайды.

Ерлерден Қазақстан ұлттық құрамасының қатарында 10 спортшы сынға түспек. Олардың қатарында 60 келіде Нұрқанат Серікбаев, Дәурен Сүйеукенов, 66 келіде Есет Қуанов, Сұңғат Жұбатқан, 73 келіде Асқар Нарқұлов, Бақытжан Әбдурахманов, 81 келіде Мәди Амангелді, 100 келіде Ислам Бозбаев және +100 келіде Ерасыл Қажыбаев пен Ғалымжан Қырықбай күреседі.

Бұл сын жыл басынан бері ерлер құрамасы қатысқалы отырған бесінші жарыс. Алайда дзюдошылар бұған дейінгі барлық жарыстан тек жалғыз қолаға ғана қол жеткізді. Ол жүлдені Париж турнирінде -100 келіде күрескен Шархан Нұрлыхан иеленген болатын.

Айта кететін жайт, Ислам Бозбаев, Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай 8-10 наурыз күндері Аустрияның Линц қаласында өтетін Гран При турнирінде бақ сынайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам