ЖБ Шоу! #3 Жаңа шығарылым!

11 жасар қазақ баласы Америкада өткен турнирде қола жүлде иеленді

05.03.2024, 19:58

Оның өнерін даңқты Арнольд Шварценеггер жоғары бағалаған

11 жасар қазақ баласы Америкада өткен турнирде қола жүлде иеленді
Instagram

Оралдық жасөспірім Ахмад Болатжан АҚШ-та грэпплингтен өткен турнирде үшінші орынға ие болды. +56 келіде сынға түскен оның өнеріне әйгілі бодибилдер Арнольд Шварценеггер жоғары баға берді.

Бұл туралы Орал қаласындағы ММА SVR жауынгерлік клубының бапкері Марат Шерғалиев мәлімдеді. 

«Мой город» басылымының жазуынша, 11 жастағы спортшы бүгінде қаладағы №19 мектептің 5 сыныбында оқиды.

Бапкерінің айтуынша, шәкірті алыстағы Американың айтулы турнирінде өз мүмкіндігін толық көрсетіп отыр. Сондай-ақ, ол бұған дейін ММА-дан Грекияда өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған еді. 

Айта кететін жайт, жасөспірім 2021 жылдан бері аталған спорт түрімен шұғылданады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам