Астана қаласындағы «Барыс Арена» спорт кешенінде грек-рим күресінен әлем чемпионатының 2-ші жарыс күні басталды.
Ұлттық құрама спортшысы, биылғы Азия чемпионы Алматбек Аманбек (-72 кг) жарысты 1/8 айналымнан бастап, Хорватия өкіл Павел Пулкавецті таза жықты.
Келесі кезеңде қазақ палуаны грузиялық Юри Ломадземен күш сынасады.
Отандасымыз Ислам Евлоев (-97 кг) екінші белдесуінде Литва өкілі Миндаугас Венчайтисты айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 4-0.
Енді біраздан соң Ислам ширек финалда болгариялық Кирилл Миленов Миловпен кім мықтыны анықтайды.