Абдулрашид Садулаев Астанадағы әлем чемпионатында Кайл Снайдерден жеңілді

Садулаев іріктеу кезеңінде қазақстандық Ризабек Айтмұқанды жеңген

© Дмитрий Челяпин / Матч ТВ
© Дмитрий Челяпин / Матч ТВ

Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында 97 келіге дейінгі салмақта ресейлік Абдулрашид Садулаев америкалық Кайл Снайдерден жеңіліп қалды.

Кайл Снайдер – 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы және бірнеше дүркін әлем чемпионы. Екі атақты балуанның белдесуі осы салмақтағы басты кездесулердің бірі болды.

Айта кетейік, бұған дейін Садулаев іріктеу кезеңінде қазақстандық Ризабек Айтмұқанды 4:1 есебімен жеңген еді.

Еске салайық, күрес түрлерінен әлем чемпионаты Астанада 24 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам