Асыл Айтақын әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі

Шиеленісті өткен белдесуде ирандық спортшы 1-3 есебімен басым түсті

Спортты дамыту дирекциясы
Спортты дамыту дирекциясы

Астанада еркін күрестен ересектер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалдары басталды.

Қазақстан командасының палуаны Асыл Айтақын -61 кг салмақтың жартылай финалында ирандық Ахмад Масуд Мұхаммедпен күш сынасты. Шиеленісті өткен белдесуде ирандық спортшы 1-3 есебімен басым түсті.

Енді Асыл ертең 3-орынды сарапқа салатын палуанды күтеді. Оның қарсыласы жұбаныш кезеңінен соң белгілі болады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам