Астанада өткен әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан алғашқы айналымда жеңілген
Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан Мәскеуде тізесіне операция жасатты.
Мәскеудегі клиникалардың бірінің Instagram парақшасында балуанның операция алдындағы және ота кезіндегі жағдайы түсірілген видео жарияланды.
«Бүгін Ризабекке операция жасаймыз. Ол күрес кезінде алғашқы белдесуінде-ақ тізе буынының ауырғанын сезген. МРТ нәтижесін қарап, операция жасауға көрсетілім бар екенін анықтадық. Бізден көмек сұрады. Аздан соң операциялық бөлмеге кіреміз», – деді дәрігер.
Еске салайық, 2026 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесуін ерте аяқтады. Ол іріктеу кезеңінде Ресейдің екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаевқа 1:4 есебімен жол берді.
Келесі айналымда Садулаев америкалық Кайл Снайдерден жеңіліп қалғандықтан, қазақстандық балуан жұбаныш белдесулері арқылы қола жүлдеге таласу мүмкіндігінен айырылды.