Астанадағы әлем чемпионаты: Қазақстан бес медальмен 15-орын алды

Қазақстан атынан барлығы 35 спортшы өнер көрсетті

Спортты дамыту дирекциясы
Спортты дамыту дирекциясы

Астанада өткен күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың қоржынында бір күміс және төрт қола жүлде бар.

Ел қоржынына жалғыз күміс медальді 74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқожа Қайпанов салды. Ал грек-рим және әйелдер күресінен сынға түскен отандастарымыз төрт қола жүлдеге қол жеткізді.

Грек-рим күресінен Исхар Құрбаев (55 келі), Айдос Сұлтанғали (60 келі) және Бағдат Сабаз (67 келі) әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Әйелдер күресінен Зейнеп Баянова (50 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Астанадағы әлем біріншілігінде Қазақстан атынан барлығы 35 спортшы өнер көрсетті. Оның 13-і грек-рим күресінен, 12-сі еркін күрестен, тағы 10-ы әйелдер күресінен сынға түсті.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан 15-орынға тұрақтады. Медаль кестесінің көшін 15 жүлде еншілеген АҚШ пен Иран құрамалары бастап тұр. Ресей құрамасы 14 медальмен үздік үштікті түйіндеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам