Қазақстанда 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионаты өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ спортшыға мемлекеттік марапаттар тапсырды

Ақорда
Ақорда

Қазақстан 2027 жылы бокс, дзюдо, таеквондо, үстел теннисі және киберспорттан әлем чемпионаттарын қабылдайды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары мен Азия параойындарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде мәлімдеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, келесі жылы жасөспірімдер арасында шорт-тректен әлем біріншілігі де ұйымдастырылады. Сонымен қатар көктемде Астанада УЕФА-ның 51-конгресі өтеді.

Тоқаев спорт инфрақұрылымын дамытуға да тоқталды. Оның сөзінше, алдағы уақытта еліміздің барлық өңірінде жаңа спорт нысандары мен инклюзивті орталықтар салынады. Әсіресе, шалғай ауылдардағы балалардың спортпен айналысуына мүмкіндік жасауға басымдық беріледі.

Президент соңғы бес жылда спорт саласын дамытуға 616 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінгенін атап өтті.

Сондай-ақ Тоқаев спортшыларды 2028 жылы өтетін Лос-Анджелес Олимпиадасына қазірден бастап жүйелі түрде дайындау қажеттігін айтты.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам