Мераб Двалишвилидің 21 жастағы досы Нурмагомедовтің орнына RAF турнирінде күресетін болды

Мераб Двалишвили мен Саба Лазишвили 50 мың дирхамнан айыппұл төлеп, қамаудан босатылған

instagram.com/rafwrestlingusa
instagram.com/rafwrestlingusa

Грузиялық балуан Саба Лазишвили 14 қарашада Әбу-Дабиде өтетін Real American Freestyle (RAF) турнирінде ресейлік Умар Нурмагомедовтің орнына өнер көрсетеді. Ол америкалық Юрайя Фейбермен белдеседі. Бұл туралы турнир ұйымдастырушылары мәлімдеді.

Бастапқыда Фейбердің қарсыласы Умар Нурмагомедов болуы керек еді. Алайда 11 қарашада Абу-Дабидегі қонақүйде болған жаппай төбелестен кейін турнирдің қатысушылар құрамына өзгеріс енгізілді. 21 жастағы Лазишвили бұған дейін RAF турниріне қатысушылар қатарында болмаған. Енді ол 47 жастағы UFC-дің бұрынғы титул үміткерімен кездесіп, лигадағы дебютін жасайды.

Жанжалға UFC-дің бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили мен Усман Нурмагомедов бастаған командалардың өкілдері қатысқан. Двалишвилидің айтуынша, Усман қонақүйдің холлында оған артынан келіп, бетінен шапалақпен ұрған. Осыдан кейін грузиялық спортшыға аяқпен соққы жасалып, жаппай төбелес басталған. Оқиға кезінде Двалишвили мен Лазишвили басынан жарақат алған.

Абу-Даби полициясы төбелеске қатысқан сегіз адамды және оқиғаны түсірген тағы екі адамды ұстаған. Кейін Усман Нурмагомедов пен оның командасындағы тағы жеті адам алты айға бас бостандығынан айырылып, елден депортацияланатыны және 300 мың дирхам көлемінде айыппұл салынғаны хабарланды. Ал Мераб Двалишвили мен Саба Лазишвили 50 мың дирхамнан айыппұл төлеп, қамаудан босатылған.

Сонымен қатар Мераб Двалишвилидің 14 қарашада бразилиялық Марлон Мораеспен өтетін кездесуі өзгеріссіз қалды.

RAF турнирі Әбу-Дабидегі Etihad Arena аренасында өтеді. Саба Лазишвили үшін бұл кездесу күтпеген мүмкіндік қана емес, халықаралық деңгейдегі танымал қарсыласпен күш сынасып, өзін танытуға арналған маңызды дебют болмақ.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам