Двалишвилиді қорғаған Саба Лазишвили RAF турнирінде топ жарды

Саба Лазишвили RAF лигасындағы дебютін жеңіспен бастады

Sports.kz
Sports.kz

Грузиялық балуан Саба Лазишвили Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өткен RAF Abu Dhabi еркін күрес турнирінде жеңіске жетті.

Ол UFC-дің бұрынғы файтері, америкалық Юрайя Фейбермен кездесті. Жеңіл салмақта Crossover форматында өткен белдесу 12:7 есебімен Лазишвилидің пайдасына аяқталды.

Осылайша, грузиялық балуан Real American Freestyle лигасындағы алғашқы кездесуін жеңіспен бастады. Ал Юрайя Фейбер қатарынан үшінші рет жеңіліп, рекорды 0-3-ке жетті.

Айта кетейік, Саба Лазишвилидің есімі бірнеше күн бұрын кеңінен танылды. Ол UFC файтері Мераб Двалишвилиді қорғап, ресейлік Усман Нурмагомедов пен оның командасы қатысқан жаппай төбелеске араласқан еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам