Ерасыл Қажыбаев Загреб Гран-при турнирінде бесінші орынға тұрақтады

Қазақстан құрамасы Загреб Гран-приінде 1 алтын, 2 күміс иеленді

Дзюдо федерациясы
Дзюдо федерациясы

Қазақстандық дзюдошы Ерасыл Қажыбаев (+100 кг) Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан Гран-при бәсекесін бесінші орынмен аяқтады.

Отандасымыз жарысты сәтті бастап, алғашқы кездесуінде украиналық Яков Хаммодан басым түсті. Кейін бразилиялық Габриэль Аревалоны иппонмен жеңіп, ширек финалға өтті. Алайда бұл кезеңде әзірбайжандық Ушанги Кокауриге жол берді.

Жұбаныш белдесуінде хорватиялық Никита Свиридті иппонмен ұтқан Ерасыл қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. Дегенмен шешуші кездесуде Саба Инанеишвилиден есе жіберіп, турнирді бесінші орынмен түйіндеді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Загреб Гран-приінде 1 алтын, 2 күміс иеленіп, жалпыкомандалық есепте үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетелік, биылғы Загреб Гран-при турниріне 66 елден 462 татами шеберлері қатысты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам