Абу-Дабиде бразилиялық Марлон Мораеспен кездескен еді
Грузиялық аралас жекпе-жек шебері, UFC-дің бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили Real American Freestyle (RAF) күрес лигасының кезекті турнирінде өнер көрсетеді. Ұйым оның жаңа қарсыласы мен жекпе-жек күнін ресми түрде жариялады.
RAF лигасының мәліметінше, жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы (21-6) 19 желтоқсанда өтетін RAF 16 турнирінде нидерландтық Кензо Бийонгпен еркін күрес ережесі бойынша белдеседі.
Жарыс АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Юниондейл қаласында орналасқан Nassau Coliseum аренасында өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін Мераб Двалишвили Әбу-Дабиде өткен RAF турнирінде жеңіске жеткен болатын. Грузиялық спортшы аралық салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, бразилиялық Марлон Мораеспен кездескен.
Белдесу барысында 0:2 есебімен жеңіліп жатқан Двалишвили қарсыласын жамбасқа түсіріп, жауырынын кілемге тигізу арқылы мерзімінен бұрын жеңіске жетті.