Спортшының допинг-сынамасынан сибутрамин метаболиттері анықталған
Қазақстандық регбиші Диана Андриенко допингке қарсы ережені бұзғанын мойындады. Бұл туралы Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) Азия Олимпиадалық кеңесінің (OCA) атынан мәлімдеді.
ITA мәліметінше, 2026 жылғы 1 қазанда Жапонияның Нагоя қаласында өткен жарыс кезінде алынған спортшының допинг-сынамасынан сибутрамин метаболиттері анықталған.
Сибутрамин Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) тыйым салынған заттар тізіміне енгізілген. Ол тәбетті басып, энергия шығынын арттыру арқылы салмақты азайтуға әсер ететін синтетикалық стимулятор саналады. Аталған затты жарыс кезеңінде қолдануға тыйым салынған.
Диана Андриенко допингке қарсы ережені бұзғанын мойындап, оның салдарын қабылдады. Осыған байланысты спортшының 2026 жылы Айти-Нагояда өткен XX Азия ойындарындағы барлық жеке нәтижесі, соның ішінде 1-3 қазан күндері регбиден өткен жарыстардағы көрсеткіштері жойылды.
Алайда Азия Олимпиадалық кеңесінің ережесіне сәйкес, Қазақстан әйелдер құрамасының регби-7 сайысындағы командалық нәтижелері күшін жоймайды.
Спортшының нақты қанша мерзімге жарыстардан шеттетілетіні әзірге белгісіз.