Әйгілі Ута Абэ мен Диёра Келдиёрова қайта кездесуі мүмкін

Telegram WhatsApp
IJF
IJF

Желтоқсан айының басында Токиода өтетін Гранд Слэм турнирінде даңқты жапон дзюдошысы Ута Абэ мен Олимпиада чемпионы – өзбекстандық Диёра Келдиёрова қайта белдесуі мүмкін.

Жыл соңындағы шешуші турнир 5-6 желтоқсанға жоспарланған. Қос дзюдошы да 52 келі салмақта қатысуға өтінім беріпті. Енді 4 желтоқсанда өтетін жеребе тарту рәсімінен кейін қос балуанның қай кезеңде кездесуі мүмкін екені анықталады.

Еске салайық, Абэ мен Келдиёрованың жолы алғаш рет Париж Олимпиадасында түйіскен болатын. Ол кезде өзбек қызы жарыстың басты фаворитін иппон әдісі арқылы жеңіп, үлкен сенсациясын жасаған еді.

Бұл жолы Ута Абэ әлемдік рейтингте бірінші орында тұр. 2026 жылы Ұлан-Батордағы Гранд Слэмді және Бакудегі Әлем чемпионатын жеңіп үлгерді. Мамандар оның нағыз бабында екенін айтып жүр.

Ал, Диёра Келдиёрова болса Парижден кейін күйеуге шығып, сәби босанды, яғни ұзақ уақыт спорттан қол үзіп қалды. Биыл ол татамиге оралып, Ақтаудағы Азия кубогінде жеңімпаз атанды. Артынша Абу-Дабидегі Гранд Слэмде жеңілсе, Загребте өткен Гран-приде қола жүлдеге қол жеткізді. Қазір Келдиёрова әлемдік рейтингте 64-орында тұр.

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 57 480 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 276 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 516 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 579 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 279 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 282 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 824 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 498 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 328 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 303 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 481
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›