«Челси» қазақстандық футболшыға жаңа клуб іздеуге кірісе ме?
Регламент бойынша қарсыластар 14 классикалық партия өткізеді
Швейцарияның Женева қаласына жақын Колоньи елді мекенінде шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матчтың алғашқы партиясы аяқталды. Өзбекстандық Жавохир Синдаров пен қазіргі әлем чемпионы, үндістандық Гукеш Доммараджу тең тарқасты.
Ақ фигуралармен ойнаған 20 жастағы Синдаров пен қаралармен қорғанған Гукеш алғашқы жүрістерден-ақ сақтық танытып, тәуекелге бармады. Қарсыластар бір-бірінің қателесуін күткенімен, партия барысында өрескел қателікке жол берген жоқ.
Нәтижесінде кездесу 38-жүрісте позицияның үш рет қайталануына байланысты тең аяқталды. Осылайша, алғашқы партиядан кейінгі есеп – 0,5:0,5.
Келесі партия 25 қарашада өтеді. Бұл жолы ақ фигуралармен Гукеш Доммараджу ойнайды.
Бұл матч әлем чемпионаты тарихындағы қатысушыларының жалпы жасы бойынша ең жас бәсеке саналады. Екі шахматшы да 20 жаста.
Регламент бойынша қарсыластар 14 классикалық партия өткізеді. Әлем чемпионы атану үшін 7,5 ұпай жинау қажет. Егер негізгі кезең 7:7 есебімен аяқталса, 12 желтоқсанда тай-брейк ұйымдастырылады. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 2,5 миллион доллар.