Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақ дзюдошылары Аустриядағы Гран Приде тағы жаппай жеңіліп қалды

11.03.2024, 11:27

Қазақстан қоржынында бірде-бір медаль жоқ

Қазақ дзюдошылары Аустриядағы Гран Приде тағы жаппай жеңіліп қалды
IJF

Аустрияның Лицн қаласында аяқталған Гран При турнирінің соңғы жарыс күнінде татамиге шыққан Қазақстан дзюдошылары тағы да жүлдесіз қалды.

90 келіде күрескен Аян Байғазы алғашқы айналымда франциялық Лорис Тассиерден ұтылса, Айдар Арапов ағылшын дзюдошысына есе жіберді.

-100 келіде Ислам Бозбаев жарысты бірінші айналымнан аяқтады. Ол Португалия өкілі Жорге Фонсекадан айласын асыра алмады. Бұл салмақта күрескен тағы бір отандасымыз Әділет Сапарғалиев Марко Кумричті ұтқанымен, екінші белдесуінде Аустрия балуанынан өте алмады.

+100 келіде Ерасыл Қажыбаев жарыстың бірінші айналымнан аяқтаса, Ғалымжан Қырықбаев жеңіспен бастады. Алайда, екінші белдесуде Токио олимпиадасының күміс жүлдегері Гурам Тушишвилиден ұтылды.

Әйелдер арасында -78 келіде Лаура Жәнібекова бірінші кездесуін марокколық Хавса Ятимге қарсы өткізіп, жеңілді. Ал +78 келіде Аида Тойшыбекова мен Карина Такиева бірінші белдесуден кейін жарысты аяқтауға мәжбүр болды.

Айта кететін жайт, Линцте өткен турнирде қазақ дзюдошылары мүлдем жүлдесіз қалды. Олардың арасында тек 60 келіде Қанат Сейілхан қола жүлде үшін күресіп, жарысты бесінші орынмен аяқтады. Ал қалған спортшылардың барлығы іріктеу кезеңдерінен аса алмады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам