Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Ираннан қашып кеткен дзюдошы аяғына ота жасатты

11.03.2024, 15:36

Ол Моңғолия атынан күресіп, Олимпиада ойындарында күміс медаль алған

Ираннан қашып кеткен дзюдошы аяғына ота жасатты
IJF

Иран билігінің мәжбүрлеуінен елден қашып кеткен танымал дзюдошы Саед Моллаеи аяғына ота жасатты. 

Бүгінде Әзірбайжан азаматтығын алған спортшы жарақатынан кейін тізесіне жасалған отаның сәтті өткенін атады.

Саед Моллаеи 2019 жылы Токиода Иран құрамасын тастап Германияға қашып кеткен болатын. Оның мұндай қадамға баруына ел билігінің саясатындағы қасаң қағида себеп болған. Ол сол сында жартылай финалға жеткен жағдайда Израиль құрамасының мүшесі Саги Мукимен күресуі мүмкін болған еді. Иранның шарты бойынша, елдің спортшылары израильдік спортшымен өзара кездесуге болмайды. Сол орайда Иранның спорт министрі Саед Моллаеиге ширек финалда жеңілуі тиіс екенін атаған. Олай істемеген жағдайда елдегі туыстарына қауіп төнетінін айтқан соң Саед амалсыз жеңіліп, өзінің пікірін ашық түрде жария етті. Осыдан кейін дзюдошы Германия ұшып кетті.

Шулы оқиғаға байланысты халықаралық дзюдо қауымдастығы Иранның дзюдо федерациясына санкция салып, 5 жылға дейін халықаралық жарыстан шеттетті. Ал Саед Моллаеи Моңғолия азаматтығын алып, Токио олимпиадасында аталған елдің атынан күресті. Осылайша ол 81 келіде төртжылдықтың басты ойындарында күміс жүлдегер атанды. Кейін ирандық балуан Әзірбайжанның азаматтығын қабылдап, сол елге қоныс аударды. 

Қазіргі уақытта Саед Моллаеи әлемдік рейтингте 8-ші орынға тұрақтаған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам