«Жала жапқандарды сотқа беремін»: Алаңға мас күйде шықты деп айыпталған төреші өз шындығын айтты

Telegram WhatsApp

Сириялық арбитрдің оғаш әрекетіне ішімдік емес, денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған

Especial
Especial

Азия Чемпиондар лигасының матчында мас күйде болған деген күдікке ілінген сириялық төреші Ханна Хаттабқа қатысты жаңа мәлімет жарияланды.

Оқиға Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Джазира» және Иранның «Гол Гохар» клубтары арасындағы кездесуде болған. Матчтың бірінші таймында бас төреші бірнеше өрескел қателік жіберіп, тіпті ойын эпизодына қатысы жоқ «Әл-Джазира» қақпашысына сары қағаз көрсеткен. Осыдан кейін ирандық клуб өкілдері төрешінің мас болуы мүмкін екенін айтқан. Үзілісте Хаттабты басқа төреші алмастырды.

Алайда омандық спорт журналисі Иса Саидтің мәліметінше, сириялық арбитрдің оғаш әрекетіне ішімдік емес, денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған. Оның айтуынша, Бразилиядан ұзақ сапармен келген Хаттабтың қандағы қант деңгейі төмендеп, соның салдарынан зейіні мен ойынды бақылау қабілеті нашарлаған.

Сондай-ақ матчтан кейін жүргізілген медициналық тексеріс кезінде төрешінің қанынан алкоголь анықталмаған.

Ханна Хаттаб әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне тағылған айыптарға жауап беріп, жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін мәлімдеді.

«Дін де, ақыл да, адамгершілік те жала жабуға жол бермейді. Жалған ақпарат таратқан кез келген адаммен соттасамын»

деп жазды төреші

Сирия футбол қауымдастығы да өз төрешісіне қолдау білдіріп, оқиғаның мән-жайын жан-жақты тексеретінін хабарлады. Ал Азия футбол конфедерациясы (АФК) әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Пікірлер

Материалда:

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 47 166 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 28 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 125 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 240 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 116 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 107 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 584 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 370 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 542 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 586 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 297
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›