«Челси» қазақстандық футболшыға жаңа клуб іздеуге кірісе ме?
Қазақ таеквондошысы бүгін алтынды ирандық Радин Зейналимен сарапқа салады
Астана қаласында өтіп жатқан таеквондодан 2026 жылғы Гран-при сериясының Финалында Ұлттық құрама спортшысы Батырхан Төлеуғали ақтық сынға жолдама алды.
Батырхан (-80 кг) жартылай финалда грузиялық Зураб Кинтсурашвилиден жеңісті жұлып алды. Есеп: 2-1.
Енді қазақ таеквондошысы бүгін алтынды ирандық Радин Зейналимен сарапқа салады. Жекпе-жектер сағат 16:00-де басталады.