Батырхан Төлеуғали Астанадағы Гран-при финалында күміс медаль жеңіп алды

Telegram WhatsApp

Финалдық жекпе-жек тартысты өтіп, 1:2 есебімен ирандық спортшының пайдасына аяқталды

ҰОК
ҰОК

Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали Астанада өтіп жатқан Гран-при сериясының финалында күміс жүлдегер атанды. Ол 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің шешуші белдесуінде Иран өкілі Радин Зейналиге есе жіберді.

Финалдық жекпе-жек тартысты өтіп, 1:2 есебімен ирандық спортшының пайдасына аяқталды. Осылайша, Батырхан Төлеуғали Қазақстан құрамасына жарыстың алғашқы медалін сыйлады.

Айта кетейік, бұл – қазақ таеквондосы үшін Гран-при сериясының финалындағы жеті жыл ішіндегі алғашқы жүлде. Соңғы рет 2019 жылы Римде өткен шешуші кезеңде Руслан Жапаров (+80 кг) финалға дейін жетіп, күміс медаль иеленген еді.

Батырхан Төлеуғали Астанадағы жарыс жолын 1/8 финалдан бастады. Алғашқы кездесуінде 2025 жылғы әлем чемпионы, әлемдік рейтинг көшбасшысы әрі Панамерика чемпионы бразилиялық Энрике Маркес Родригес Фернандесті жеңді.

Одан кейін ширек финалда ресейлік әлем чемпионатының қола жүлдегері Артём Митарёвтен басым түссе, жартылай финалда грузиялық Зураб Кинцурашвилиді жарыс жолынан шығарды. Финалда оған 2025 жылғы кадеттер мен U21 санатындағы әлем чемпионы Радин Зейнали қарсы тұрды.

Төлеуғали финалға дейінгі нәтижесі үшін 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасының рейтингтік есебіне 60 ұпай қосты.

Айта кетейік, 20 жастағы қазақстандық таеквондошы Париж Олимпиадасына қатысқан. Сондай-ақ ол U21 санатындағы әлем чемпионатында алтын, Аичи-Нагоя Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған.

Гран-при сериясы финалының шешуші күні ертең өтеді. Қазақстан құрамасы сапынан Азиада чемпионы Тамирлан Тілеулес (-58 кг) сынға түседі.

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 58 073 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 166 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 147 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 754 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 266 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 151 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 140 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 629 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 399 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 552 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 592 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›