Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Шымкентте бюджет қаражатын жымқырған спорттық бапкерлерге үкім шықты

12.03.2024, 11:50

Олар іс-сапарларға жалған құжаттар жасап, ақша алып отырған

Шымкентте бюджет қаражатын жымқырған спорттық бапкерлерге үкім шықты
Фото ашық дереккөзден

Шымкентте жарыс пен оқу-жаттығу жиынына деп бюджеттен қомақты қаражат алып, ақшаны өз пайдасына жұмсаған бапкерлер сотталды деп хабарлады қалалық прокуратура.

Қалалық Спорт басқармасына қарасты спорт мектептерінде жұмыс істейтін жаттықтырушылар 2022-2023 жылдар аралығында бюджет қаражатын заңсыз жұмсап келген екен.

«Сот үкімімен Шымкент қалалық Дене шығынқытур және спорт басқармасына қарасты спорттық мектептердің бапкерлері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін бір және екі жылға шартты жазаға кесілді. Сот процесі барысында анықталғаны, олар 2022-2023 жылдар аралығында жалған іс-сапар құжаттарын әзірлей отырып, спортшылар Алматы, Тараз және Түркістан облысына оқу-жаттығу жиынына барды деп көрсеткен. Салдарынан бюджетке 6 миллион теңге шығын келді», - делінген прокуратураның хабарламасында.

Құзырлы органның мәліметінше, аталған шығын мемлекет бюджетіне толық қайтарылған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам