Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Ризабек Айтмұқан әлем чемпионы атанғанда небәрі 15 мың доллар сыйақы алған

14.03.2024, 10:17

Боксшыларға бұл атақ үшін 200 мың доллардан берген

Ризабек Айтмұқан әлем чемпионы атанғанда небәрі 15 мың доллар сыйақы алған
коллаж Almaty.tv

Қазақстандық MMA шебері Артем Резников еркін күрестен әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұқанның мемлекеттен тым аз сыйақы алғанын айтып қынжылыс білдірді. Оның сөзінше, балуанға әлемді бағындырғаны үшін небәрі 15 мың доллар берген.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұқан 2023 жылы Қазақстан тарихында алған рет еркін күрестен әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын.

«Бізде тәуелсіз Қазақстан мен Қазақ КСР тарихында еркін күрестен Олимпиада чемпионы жоқ. Әлем чемпионы да болмаған. Ризабек – алғашқы әлем чемпионы. 

Еркін күрес – өте ауыр спорт түрі. Әлемде үштікке кіргенің тарихта қалғаның дей бер. Ал, ол әлем чемпионы атанып отыр. Мотивация керек оған. Яғни, қазір оған көп ақша, үй берілуі керек еді. Бұл балуанды одан да үлкен жетістіктерге итермелейді. Ал, сен ел тарихында алғашқы болып әлем чемпионы атанып отырсың және мемлекет саған сол үшін небәрі 15 мың доллар береді. Бұл балуанның мотивациясын жояды.

АСА-да жеңілгендердің өзіне бұдан 3-4 есе көп ақша береді. Ал, боксшыларға әлем чемпионы атанғаны үшін 200 мың доллардан берді. Олар көп. Ризабекке 250 мың доллар берсе артықтық етпес еді», - деді Резников «Вестник MMA» YouTube-каналына берген сұхбатында.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам