Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

17 жастағы қазақ таеквондошысы Олимпиада жолдамасы үшін сынға түседі

14.03.2024, 11:28

Жолдама финалға шыққан екі спортшыға ғана беріледі

17 жастағы қазақ таеквондошысы Олимпиада жолдамасы үшін сынға түседі
olympic.kz

Таеквондодан Қытайдың Тайань қаласында өтетін лицензиялық турнирде еліміздің 17 жастағы спортшысы Олимпиада жолдамасы үшін айқасқа түседі. 

Азия бойынша аталған іріктеу турнирі 15-16 наурыз аралығында өтіп, бірнеше спортшымыз өз әлеуетін сынайды.

17 жастағы Батырхан Төлеуғали 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. Ол жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2022), ҚР VI жазғы Спартакиадасының жеңімпазы атанған.

Ал 19 жастағы Мария Севостьянова 57 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін болды. Ол әлемдік рейттингте 44-орынға жайғасқан.

Сондай-ақ, 58 келі салмақта ел намысын қорғайтын Самирхон Абабакиров әзірге рейтингте 39-орында тұр. Ал құрама көшбасшысы Жансель Дениз +67 келі салмақта ел намысын қорғап жүргені көпшілікке белгілі. 33 жастағы тәжірибелі таеквондошы  рейтингтің 14-сатысында.

Төрт спортшының ішінде Жансель Дениз Олимпиада лицензиясы үшін сынға түспейді. Спортшы Рио (2016 ж) мен Токио олимпиадасына (2021 ж) қатысқанымен жүлдеден, тыс қалды.

Аспанасты еліндегі жарыста Париж олимпиадасының жолдамасы әр салмақта финалға шыққан екі спортшыға ғана беріледі. Бұл сынға Азияның 33 мемлекетінен 96 таеквондошы бақ сынайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам