Ол бірінші орын алған қытайлық спортшыдан жарты секундтан да аз уақытқа қалып қойды
Шорт-тректен Нидерланды астанасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Денис Никиша күміс жүлдегер атанды.
500 метрге конькимен жүгіруден финалдық кезеңде жерлесіміз 41.676 секунд уақытта мәрені кесті. Ол бірінші келген қытайлық Сяочун Линнен (41.592) небәрі жарты секундтан да аз уақыт қалып қойған. Ал, үшінші орын канадалық Джордан Пьерге бұйырды, оның уақыты 52.289 секунд.
Айта кетейік, бұл – Қазақстан үшін тарихи жүлде болып отыр. Осыған дейін ересектер арасында мұндай жетістікке ел спортшылары әлі жеткен емес.