Жаңа подкаст! Қонақта "Спарта" КВН командасының капитаны Данияр Жұмаділов

АҚШ-та қайтыс болған қазақстандық балуанның өлімінің себебі айтылды

20.03.2024, 11:57

Оның денесін елге жеткізу бойынша жұмыстар істеліп жатыр

АҚШ-та қайтыс болған қазақстандық балуанның өлімінің себебі айтылды
Фото ашық дереккөзден

АҚШ-та қайтыс болған қазақстандық балуан Мұхамбет Қуатбектің өлімінің себебі белгілі болды. Бұл туралы 1bol.kz сайтына марқұмның жақындары мәлімдеді.

4-5 жылдан бері АҚШ-та тұратын Мұхамбет Қуатбек 16 наурызда жол апатынан қайтыс болған. Ал оның өмірден өткенін туыстарына тек 19 наурызда ғана естірткен көрінеді.

«Мұхамбет бірнеше күн бұрын жол апатынан қайтыс болған. Ал оқиғаға нақты кімнің кінәлі екені белгісіз. Біз тек кеше естідік. Қазір оның мәйітін елге әкелу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұйырса, 2-3 күнде елге жеткізіледі», - деді марқұмның досы Нұрболат Әбдіуәлиев.

Мұхамбет Қуатбек 2014 жылы Қытайдың Нанкин қаласында өткен жастар Олимпиадасында еркін күрестен 54 келіде топ жарған болатын. Ол сол кезде Қарағанды қаласындағы Ә.Молдағұлова атындағы дарынды балаларға арналған облыстық спорт мектеп-интернатының оқушы болған. Ол 2016-2017 жылдары жастар арасында Азия чемпионатында қола және күміс жүлдегер атанған.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам