ЖБ Шоу! #3 Жаңа шығарылым!

Қазақстандық волейболшы қызды шетелдік жігіті аяусыз сабап тастады (ФОТО)

21.03.2024, 01:20

Ол өзге елде дымсыз қалғанын айтып отыр

Қазақстандық волейболшы қызды шетелдік жігіті аяусыз сабап тастады (ФОТО)
instagram.com/krisik___karapetyan/

Волейболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Кристина Карапетян (Устинова) жігітінен қорлық көргенін айтып, әлеуметтік желіде көптен көмек сұрады.

Оның айтуынша, қазір өміріне қауіп төніп тұр, сондықтан жақын уақытта Қазақстанға көшіп келуді жоспарлап отыр екен.

«Қазір менің өміріме қауіп төніп тұр. Жексенбі кешке мені жігітім – кипрлік Георг Тсангарис соққыға жықты. Ол 1993 жылы 25 мамырда туған. Мен шұғыл Қазақстанға билет алып, құрбымның үйінде тұрып жатырмын. Одан қауіп төнетіндіктен, түк болмағандай сөйлесіп жүрмін. Ата-анасы да, өзі де полицияға арыз жазбауымды жалынып сұрауда. Мен одан келтірген материалдық және моральдық шығындарын өтеуін талап еттім. Ол болса «өміріңді құртамын, сен әлі өкінесің» деп мені қорқытты. Қазір полицияға бара жатырмын. Ол маған ойына келгенін істеуі мүмкін, ақылы сау емес. Өз өмірім үшін қорқып отырмын. Ертең Қазақстанға ұшамын», - деп жазды Кристина өзінің Instagram-парақшасында.

Кристина Карапетян Қазақстанға Ресейден 2017 жылы көшіп келген. Ол 2020 жылға дейін ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, сосын спорттағы мансабын аяқтағанын мәлімдеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам