Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Нұрқанат Серікбаев Grand Slam турнирінің чемпионы атанды

22.03.2024, 19:11

Отандасымыз финалда Израиль спортшысы Ям Уолцакты ұтып, турнирдің алтын медальін иеленіп отыр

Нұрқанат Серікбаев Grand Slam турнирінің чемпионы атанды
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Қазақстан дзюдошысы Нұрқанат Серікбаев дзюдодан Тблисиде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысында топ жарды деп хабарлайды 1bol.kz.

Отандасымыз финалда Израиль спортшысы Ям Уолцакты ұтып, турнирдің алтын медальін иеленіп отыр.

Тбилиси Grand Slam турнирінде 60 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан Нұрқанат Серікбаев жарыс барысында барлығы бес кездесу өткізіп барлығында қарсыласынан басым түсті.

Ол іріктеу кезеңдерінде Джохан Рожас (Колумбия), Иехонатан Векслер (Израиль) және Дильшот Халматовты (Украина) ұтты. Сондай-ақ, жартылай финалда Grand Slam жарысының үш дүркін жеңімпазы әзірбайжандық Балабай Агаевты сан соқтырды.
Бүгін басталған Grand Slam жарысындағы нәтижесі бойынша Нұрқанат Серікбаевқа әлемдік рейтингте қосымша 1000 ұпай беріледі.

Сондай-ақ, бүгінгі сында әйелдер арасында 48 келіде татамиге шыққан Ғалия Тынбаев қола жүлдегер атанды. Ол жартылай финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде оңтүстіккореялық спортшыға есе жіберді. Ал қола медаль үшін өткен кездесуде испаниялық Лапуэрто Гомасты қапы қалдырды.

Сондай-ақ, 66, 52, 57 келіде белдескен дзюдошыларымыз іріктеу кезеңдерінде есе жіберді. 

Тблисиде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысы наурыздың 24-де аяқталады. Аталған жарысқа 83 елден 531 татами шебері қатысып жатыр.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам