Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Еуропа кубогінде 9 медаль жеңіп алды

25.03.2024, 13:59

Жалпы медаль кестесінде 17 ел ішінде 5-орынға тұрақтады

Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Еуропа кубогінде 9 медаль жеңіп алды
Фото: kaz_judoteam

Қазақстан жастар құрамасы Португалияның Анадия қаласында дзюдодан өткен Еуропа кубогінде 9 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inform.kz.

Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, аталған жарыста қазақстандық жас татами шеберлері 1 алтын, 4 күміс, 4 қола жүлдеге ие болды.

Атап айтқанда, Талғат Орынбасар (60 кг) чемпион атанса, Азат Күмісбай (81 кг), Нұржан Бисенов (90 кг), Дінасыл Тәттімбек (-100 кг) және Жантілек Нұртілепұлы (+100 кг) күміс жүлдемен марапатталды. Оған қоса Алдияр Қарғұлов (60 кг), Глеб Азаров (81 кг), Асқар Біржанов (90 кг) және Нұрайлым Сәрсенбек (52 кг) үздік үштікке кірді.

Еуропа кубогі қорытындысында Қазақстан жастар құрамасы жалпы медаль кестесінде 17 ел ішінде 5-орынға тұрақтады.

 

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам