Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Күрес түрлерінен жастар арасындағы ел чемпионатында ерекше рекорд орнады

26.03.2024, 12:33

Аталған жарыста жас ерекшеліктері бойынша Азия және әлем чемпионаттарына команда жасақталмақ

Күрес түрлерінен жастар арасындағы ел чемпионатында ерекше рекорд орнады
Архив: Қазақпарат

Алматы облысында жастар арасында өткен ел чемпионатында рекордтық көрсеткіш тіркелді. Қарасай ауданында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша 17-23 жас аралығындағы спортшылар қатысқан сында 1563 балуан бақ сынаған. Бұл қатысушылар саны бойынша рекордтық көрсеткіш.

Аталған Қазақстан біріншілігінде жас ерекшеліктері бойынша Азия және әлем чемпионаттарына команда жасақталмақ.

Ал бұл чемпионатта жалпы командалық есепте Алматы облысының балуандары медаль саны бойынша көш бастап отыр.

Айта кететін жайт, өткен жылы 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында еркін күрес шебері Едіге Қасымбек күміс медальға ие болса, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында грек-рим күресінің шебері Сұлтан Әсетұлы чемпион атанған болатын

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам