Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Мағжан Шамшаев жарақатынан кейін құрамаға қайта қосылады

03.04.2024, 12:59

Ол әлемдік рейтингте 24-орында тұр

Мағжан Шамшаев жарақатынан кейін құрамаға қайта қосылады
olympic.kz

Дзюдодан 60 келіде күресетін Мағжан Шамшадин ауыр жарақаттан соң құрамаға қайта оралады деп хабарлады olympic.kz спортшының бапкері Қален Қалиұлына сілтеме жасап.

«Мағжан өткен маусымның соңында жарақатына байланысты қатардан шығып қалды. Бәріміз үшін өте маңызды саналатын олимпиадалық циклде бірнеше турнирден тыс қалдық. Біз үшін Мағжанның денсаулығы маңызды. Сондықтан, жарақатынан толық айыққасын ғана жарысқа қатыстыруды дұрыс деп шешім қабылдадық. Қазіргі таңда Мағжанның денсаулығы жақсы. Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынындамыз. Мамыр айында Тәжікстанның Душанбе қаласында өтетін Гран-при турниріне, кейін Астанада өтетін Grand Slam турниріне қатысамыз деген жоспар бар», - деді бапкер Қален Қалиұлы.

Бүгінде Мағжан Шамшадин олимпиадалық рейтингте 2 889 ұпаймен 24-орында тұр. Сондай-ақ, бұған дейін сәуір айының 20-23 күнде өтетін Азия чемпионаты қатысатын құрам белгілі болды. Алайда, әзірге Мағжан Шамшадин құрлық біріншілігінде күреспейді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам