Ал, шахматтан қыздар құрамасы жылдың үздік командасы атанып отыр
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева аса ірі көлемдегі ақшалай грантқа ие болды.
20 жастағы әлем чемпионының марапатталғаны дәстүрлі KazChess Awards премиясы кезінде ресми айтылды.
«Тимур Турловтың шешімімен көлемі 40 млн теңге болатын президенттік грант бекітілді. Оның иесі Бибісара Асаубаева болды», - делінген Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.
Ал, Қазақстандағы жыл шахматшысы болып Ксения Балабаева танылды. Асаубаева болса «Ең үздік команда» номинациясы бойынша жүлде алды. Бұл жүлде шахматтан Қазақстанның қыздар құрамасына табысталып отыр.
Айта кететін жайт, аталған салтанатты шараға Бибісараның өзі келген жоқ.