Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Ресейдегі қазақ балуаны Олимпиада жолдамасынан қағылды

05.04.2024, 17:52

Оның келесі лицензиялық жарысқа баруы екіталай

Ресейдегі қазақ балуаны Олимпиада жолдамасынан қағылды
UWW

2024 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, грек-рим күресінен Ресей атынан өнер көрсететін қазақ Әділет Төлебаев Олимпиадаға жолдамадан қалыс қалды.

Бұл күндері күрес түрлерінен Бакуде Париж Олимпиадасына іріктеу турнирі өтіп жатыр. 77 келінің өкілі Әділет ширек финалда молдаван балуаны Александрин Гуцуға жол берді – 5:3. Қарсыластар бұған дейін Еуропа біріншілігінде кездесіп, ол кезде қазақ жігітінің мерейі үстем болған еді. 

Осылайша Әділет Олимпиада ойындарына бару мүмкіндігінен айырылды деуге болады. Себебі енді Париж жолдамасы сарапқа салынатын жалғыз жарыс қана қалды. Ол Түркияда өтеді. Алайда, Төлебаевтың Анадолы жеріндегі аламанда бақ сынауы екіталай. 

Айта кетейік, 5 сәуірде Баку бозкілемінде грек-рим күресінің шеберлері жолдамаға таласып жатса, 6 сәуірде әйелдер күреседі, ал 7 сәуірде еркін күрес балуандары өзара кім мықтыны анықтайды. 

Естеріңізге сала кетейік, Париждегі Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам