Серік Сәпиев cпорттағы жемқорлық туралы мәлімдеме жасады

Қазіргі уақытта спорттағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты 39 қылмыстық істі Антикор тергеп жатыр 

Instagram.com/seriksapievboxing
Instagram.com/seriksapievboxing

Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев спорттағы жемқорлық туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Қазіргі уақытта спорттағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты 39 қылмыстық істі Антикор тергеп жатыр. Агенттік басшысы Асхат Жұмағалидің төрағалығымен, қоғам қайраткерлері, орталық және өңірлік мемлекеттік органдар спорт саласында жүргізілген талдау нәтижелерін талқыладық.

Жиында мен легионерлер саны, спорт түрлері бойынша қаражатты тиімсіз бөлу, жергілікті атқарушы органдардың елдегі спортты дамытудағы жауапкершілігі туралы мәселені көтердім. Сондай-ақ Антикор қоғамдық кеңесі шеңберінде спорт бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айттым.

Спорт ашық болуы тиіс және бөлінетін қаражат ұлт денсаулығын нығайтуға, бұқаралық спортты және жоғары жетістіктер спортын дамытуға жұмсалуы керек", – деп жазды Серік Сәпиев. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам