Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Қазақстанның көркем гимнастшылары халықаралық турнирде 4 жүлдеге ие болды

08.04.2024, 12:55

Екі қыз төрт медаль жеңіп алды

Қазақстанның көркем гимнастшылары халықаралық турнирде 4 жүлдеге ие болды
instagram.com/kazgymfederation

Көркем гимнастикадан Болгария астанасы Софияда өткен Sofia Cup турнирінде қазақстандық қыздар бір күміс, үш қола медаль жеңіп алды.

Атап айтқанда, Эрика Жайлауова көпсайыста жарыстың қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ, ол доппен жаттығу сайысында да үздік үштікті қорытындылады.

Милана Парфилова шеңбермен жаттығу жасауда финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанып отыр. Ал, лентамен жаттығу сайысында ол үшінші орыннан көрінді.

Айта кету керек, былтыр дәл осы жарыста қазақстандық гимнастшылар топтық сайыста екі күміс медаль жеңіп алған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам