ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Қазақстандық таеквондошылар Испаниядан 4 медаль алып келді

09.04.2024, 12:09

Оның екеуі алтын медаль

Қазақстандық таеквондошылар Испаниядан 4 медаль алып келді
olympic.kz

Таеквондодан Испанияда өткен G-1 санатындағы халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар жалпы есепте үшінші орын иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ересектер арасында Әзірет Дүйсенбек (54 келі) пен Нұрлан Мырзабаев (87 келі) алтын медаль жеңіп алды.

Абдурахмон Марипов (74 келі) күміс иеленсе, Жавовирхан Исламовтың (58 келі) еншісінде қола бар.

Ал кадеттер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы бірінші орыннан көрінді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×