Бұл Қазақстан қоржынындағы үшінші медаль
Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында Асыл Айтақын күміс жүлдегер атанды деп хабарлайды 1bol.kz тілшісі.
Еркін күрестен 61 келіде күрескен отандасымыз шешуші сында қырғыз балуаны Тайырбек Жұмашбекұлына 3:2 есесімен есе жіберді.
Асыл кездесудің екінші кезеңінде есепті теңестіріп, алда келе жатқан еді. Алайда, кездесу аяқталуға 15 секунд қалғанда қарсыласы 2 ұпай иеленіп кетті.
Бұл Қазақстан қоржынына түскен үшінші жүлде. Бұған дейін Мейрамбек Қартбай (57 келі) – қола, Ризабек Айтмұхан (97 келі) күміс медальға ие болды.
Сондай-ақ, 74 келіде Сырбаз Талғат қола жүлде үшін күрессе, 86 келіде Азамат Дәулетбеков финалда алтын үшін белдеседі.