Бұл оқиғаны қазақтардың көбі білмейді. Жаңа ЖБ Шоу!

«Еңсеміз түспесін»: Азия чемпионы Азамат Дәулетбек жеңісін тасқыннан зардап шеккендерге арнады

12.04.2024, 22:40

Еліміздің батыс облыстарында тасқын су ондаған ауылды шайып кетті

«Еңсеміз түспесін»: Азия чемпионы Азамат Дәулетбек жеңісін тасқыннан зардап шеккендерге арнады
Olympic.kz

Еркін күрестен Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз болған қазақ балуаны Азамат Дәулетбек жеңісін су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға арнады.

Айта кетейік, 86 келіде күрескен Азамат финалда өзбек балуаны Жабраил Шапиевті 5:1 есебімен жеңді.

«Бүгін Азияның үш дүркін чемпионы атандым. Осы орайда жеңісімді Құлсары, Орал, Ақтөбе өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен халыққа арнаймын! Еңсеміз түспесін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», - деді Азияның үш дүркін чемпионы Азамат Дәулетбек.

Азамат Дәулетбек осыған дейін 2022 жылы – Ұлан-Баторда, 2023 жылы Астанада чемпион атанған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды4
Ұнамайды0
Күлкілі0
Ашулану0
0 Пікір
Сіздің пікірікіз редакция тексеруінен өтеді
СоңғыТанымал
Әзірге жазылған пікір жоқ
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам