Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Азия чемпионатында әйелдер құрамасының 4 балуаны қола жүлдеге таласады

13.04.2024, 16:46

Олар: Зульфия Яхиянова, Диана Каюмова, Альбина Қайыргелдинова, Эльмира Сыздықова

Азия чемпионатында әйелдер құрамасының 4 балуаны қола жүлдеге таласады
Фото ашық дереккөзден

Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін белдесуге шыққан Қазақстан әйелдер құрамасының балуандарының ешқайсысы финалға шыға алмады.

Жарыстың үшінші күнінде бес балуанымыз сынға түскен еді. Енді олардың төртеуі қола медаль үшін өз әлеуетін тексеретін болады.

50 келі: Ирина Жәнібекова іріктеу кезеңінде Тайпей спортшысын 8:0 есебімен ұтты. Алайда, ширек финалда Моңғолия балуанынан 12:5 нәтижесімен ұтылып, жартылай финалға шыға алмады.

55 келі: Зульфия Яхиянова бірінші белдесуінде Оңтүстік Корея балуанын 8:0 есебімен ұтып, жартылай финалға шыққан еді. Алайда, финалға шығар сында ол солтүстіккореялық спортшыға 11:0 есебімен жол берді.

59 келі: Диана Каюмова іріктеу кезеңінде оңтүстіккореялық спортшыдан басым түсті. Ал жартылай финалға Моңғолия балуанына 14:3 ұпайымен ұтылып, финалға шығу мүмкіндігінен айрылды. Енді ол Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін Үндістан балуанымен күреседі.

68 келі: Альбина Қайыргелдинова бірінші белдесуінде Үндістан өкілі  Радхика Радхикадан 12:2 есебімен ұтылды. Отандасыыз турнирдің қола жүлдесі үшін қырғыз спортшы Гүлнұр Таштанбековамен белдеседі.

76 келі: Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова бірінші айналымда Оңтүстік Корея балуанынынан 4:0 ұпайымен басым түсті. Алайда жартылай финалда қырғызстандық Айпері Медетқызынан 5:1 нәтижесімен есе жіберіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам